Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Басқарма басшысы этномәдени бірлестіктің жетекшілерімен кездесті

15.04.2021

2173 0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова облыстағы 11 этномәдени бірлестіктің жетекшілерімен кездесті.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова: «Қасиетті Сыр өңірінде «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық» деген маңызды ұғымдарды қалыптастыруда толымды істердің атқарылғанын айта аламыз. Бұл игі істерде Сіздердің үлестеріңіз зор», – дей келе бірлестік жетекшілеріне өңірдегі Ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытындағы тілек, пікірлерін білдіруді ұсынды.

Кездесу аясында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков жыл басынан бері атқарылған нәтижелі жұмыстарға тоқталып өтті.

Алғашқы ұсынысын білдірген облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова ұлттық костюмдермен  қамту мәселесін қозғады. Ал «Қазақстан корейлер қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Ким И. Әбдікәрімов атындағы аграрлы техникалық колледжін 20 жыл басқарған Алексей Цойдың аты колледждегі бір бөлімшеге берілсе деген ұсынысын ортаға салды. Облыстық татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина Достық үйінің базасында дыбыс студиясымен қамтамасыз ету,  қазақ эстрадасының жұлдызы болған жерлесіміз, әнші Батырхан Шөкенов тұрған көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары мен естелік тақта орнатылса деген ойларымен бөлісті.

Басқарма басшысы айтылған ұсыныстар барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатынын және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда, өңірдегі достық пен бейбітшілік бірлігін нығайтуда бірлесіп жүйелі жұмыс жасалатындығын ортаға салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: