Сейсенбі, 17 маусым, 06:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 – 2156
14.06.2025
PDF мұрағаты

Басшы «өз еркіңмен кет» десе, не істеу керек? – министрлік түсіндірді

26.05.2025

540 0

Қазақстанда жұмыс берушілердің «өз еркіңмен кет» деп қысым көрсетуі – заң бұзушылық. Министрлік редакциямыз жолдаған арнайы сауалға жауап бере отырып,  мұндай жағдайда қызметкер не істеу керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер тарапынан орын алатын заңсыз қысқартулар мен жұмыстан шығаруға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомство қызметкерлердің құқықтары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен қорғалатынын еске салады.

Еңбек шартын бұзу қандай жағдайда заңды?

Министрлік мәліметінше, Еңбек кодексінің 49-бабына сәйкес еңбек шартын тоқтатудың мынадай заңды негіздері бар: 

• тараптардың келісімі;
• еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
• жұмыс беруші немесе жұмыскердің бастамасы;
• басқа жұмыс берушіге ауысу;
• заңмен көзделген өзге де жағдайлар;
• сайланбалы лауазымға ауысу.

Сонымен қатар, әрбір негіз бойынша жұмыстан босатудың нақты тәртібі белгіленген. Жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығару үшін Кодекстің 52-бабында көрсетілген себептердің бірі болуы тиіс, ал рәсімдік талаптар 53-бапта жазылған. Егер осы талаптар орындалмаса, бұл заңсыз жұмыстан шығару болып саналады.

Қысқарту кезінде не ескерілуі тиіс?

Мысалы, қызметкерлер санын немесе штат бірліктерін қысқарту кезінде (52-бап, 1-тармақ, 2) жұмыс беруші:

• қызметкерді бір ай бұрын ескертуге;
• жұмыстан айырылу жәрдемақысын төлеуге;
• заңмен қорғалатын санаттағы жұмыскерлерді (жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар аналар, жалғызбасты ата-аналар) қысқартпауға міндетті.

Қандай әрекеттер заңсыз?

Министрліктің мәліметінше, кей жұмыс берушілер заңды айналып өту үшін қызметкерді “өз еркімен кету туралы өтініш” жазуға мәжбүрлейді. Бұл – заң бұзушылық.

Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес, төмендегі санаттағы азаматтар еңбек шартын қысқарту арқылы жұмыстан босатылмауы тиіс:

• жүкті екенін растаған әйелдер;
• үш жасқа дейінгі баласы бар аналар;
• жалғызбасты ата-аналар.

Құқығыңыз бұзылса, қайда жүгінуге болады?

Министрлік еңбек құқығы бұзылған жағдайда арнайы уәкілетті органдарға немесе сотқа шағымдануға кеңес береді. Жұмыскер өз құқығын білсе және қорғай алса, заңсыз қысымнан аман шыға алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: