Сенбі, 03 мамыр, 01:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Басшылар қызметкеріне дауыс көтеріп, айқайлай алмайды

02.05.2025

99 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады. Енді мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Телефон тұтқасын көтергеннен кейін бірден амандасып, қойылған сұраққа нақты әрі сыпайы жауап беруі тиіс. Ал қызметкермен сөйлесу барысында айғайлауға немесе ашулануға болмайды. Сондай-ақ, дауыс ырғағына да аса мән беру керек. Айта кетейік, аталған талаптарды орындамаған маман жазаға тартылады.  

Осы Әдеп Кодексінің нормаларын бұзуы әрине, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл жауаптылық белгілі болған кезде Қаржы министрлігінің ведомстволық бақылау жасау қызметімен тергеу жүргізіледі. Қызметтік тергеу нәтижесінде осы теріс қылық нақты анықталса, тәртіптік комиссия шешімімен жаза қолданылады, – дейді Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: