Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

04.03.2022

1266 0

Алматыда 40-тан астам көпбалалы ана, азаматтық белсенділер, тұрмысы төтен халықпен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесті.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқылау барысында мектепке дейінгі сапалы және орта білім алуға, медициналық қызметтерге, жеңілдетілген ипотека беру мәселелері талқыланды. Көпбалалы отбасылармен және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін үкметтік емес ұйымдар арасындағы жұмыс барысы сөз болған.

Тағы бір мәселе – балаларды әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ыстық тамақпен қамтамасыз ету және рационның сапасын арттыру. Осы ұсынысқа Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Балалар жылы аясында әкімдік қажетті жұмыс жүргізгенін айтты.

Осылайша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушысы (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылады.

«Балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін білім басқармасы әртүрлі рацион жасау мәселесін пысықтады. Қаржыландыру жайы жергілікті бюджетті нақтылау үшін 4 наурызда мәслихатта қаралады», – деді Ерболат Досаев.

Кездесуде мектептегі орын жетіспеушілігі және балабақшаларға кезек те талқыланды. Қазір қалада мектепте 19 611 орын және балабақшада 41 080 орын жетіспейді. Бала туудың жоғары болуына және халықтың мегаполиске белсенді көшуіне байланысты жыл сайын өсім 15 мың және 8 мың балаға жетеді.

«Алматыда мектептер мен балабақшаларды салуға бос жерлер мүлдем жетіспейді, ал құрылыс қарқыны тек жыл сайынғы өсімді жабуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті қала басшысы.

Айтуынша, биыл мектептерде 15 461 орын және балабақшаларда 39 520 орын тапшылығы жойылуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: