Жұма, 21 ақпан, 04:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Басты мақсат – халық денсаулығын жақсарту

19.02.2025

225 0

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 27 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

– Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық ауруханасы мен Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсек орынға арналған ауылдық аурухана құрылысы аяқталып, іске қосылды. Шиелі және Арал аудандарында 30 төсектік инфекциялық бөлімшелер құрылысы және Жаңақорған, Шиелі көп бейінді аурухананың қосымша құрылысы басталды, – деді Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов.

Айта кетейік, облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. «Қамқорлық» оңалту орталығы биылғы жылдың сәуір айында Арал ауданында ашылатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: