«Ақмешіт апталығы» газетінің он жылдан бергі оқырманымын. Оқып қана қоймай, өзімнің мақалаларым да шығып тұрады. Сондай-ақ бірнеше рет тілшілер мен туралы да жазды.
Адамға ас-судан кейінгі бірінші қажеттілік рухани байлық. Оның кілті – кітапта, содан кейін бояуының иісі кеппеген күйі қолымызға тиетін газетте десем қателеспеймін. «Ақмешіт апталығы» газетінің орны мен үшін ерек. Үлкен форматта шығып жатқан газеттің көтерер жүгі артып, салмағы да еселене түссін. Үнемі адам жанына рухани нәр беретін ізденісті материалдар шығып тұрады. Осы орайда тер төгіп, газет жанрын байытып келе жатқан қаламгерлер қауымына қалың оқырман атынан шын ризашылығымды білдіремін.
Нұрлыбай ҰЛЫҚБАНҰЛЫ,
Қазақстанның құрметті құрылысшысы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!