Жексенбі, 25 мамыр, 15:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

 Бауырларыммен мақтанамын

21.05.2025

21 0

 Бауыр жаныңа жақын, әрі қымбат адам. Басыңа қандай қиындық түссе де, бауырдай жанашыр жан таппайсың. Қазақта «Бауыры жоқ бағананы құшақтайды» деген мақал бар. Кішкентайында көп балалар жалғыздықты ұнатады. Кейбірі ата- анасының тағы перзент сүйгеніне қарсы болады. Бұл -қызғаныш. Барлығы тек мені еркелетсе, тек маған алып берсе деп тұрады. Ал өскенде жалғыздықтың дәмін сезгенде, кімге сүйенерін білмей күйінеді. Жалғыздық адамның қас жауы. Баланы жастайынан бауырмалдыққа тәрбиелеп өсірген дұрыс.

  Мен өзім көп балалы отбасының екінші перзентімін. Отбасымыз бір сәбимен толыққанда қатты қуанатынбыз. Қазір алты бауырым бар. Үйдің үлкені әпкем, екіншісі мен, үш інім, бір сіңілім бар. Осындай үлкен отбасымызбен мақтанамыз. «Әр бала өз несібесімен келеді» дейді әкем. Көп балалы отбасының балалары жетістікке жетіп, биікті бағындыратын мықты азамат болып өседі. Бауыры бар адамдар бұл өмірдегі ең бақытты жандар. Сырласың да, жолдасың да, құрбың да ол сенің бауырың. Кез келген сынаққа бірге төтеп беріп, саған көмегін аямайды.  Біз алтаумыз бір- бірімізге сүйенішпіз. «Көп қорқытады, терең батырады». Сол үшін де мен осындай бауырларымның барына шүкіршілік етемін.

                                                                                   Іңкәр ҚУАНЫШҚЫЗЫ,

                                    Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

                                       Журналистика мамандығының 1-курс студенті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: