Сәрсенбі, 19 қараша, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Бектенов бензин мен дизельді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

19.11.2025

37 0

Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-министр отын балансы мен мұнай өнімдерінің ағынын қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау үшін әзірленген 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бағдарлама қаралды.

Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері инфляция деңгейін бақылау мен төмендету, сондай-ақ бағаның өсуіне сыртқы факторлардың әсерін барынша азайту жұмыстарын күшейтуі қажет. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің шекті үлесі сақталуға тиіс. Жанар-жағармай материалдарының бағасын көтеруге енгізілген мораторийді ескеретін болсақ, көршілес елдермен арадағы баға диспаритеті күшейіп келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің бензин мен дизель көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан Энергетика, Сауда, Қаржы, Ішкі істер  министрліктері мен Қаржылық мониторинг агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі отын балансына және мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу мәселесіне қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: