Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова: «Менің бір ғана күйеуім бар»

26.05.2023

1249 0

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова “Ұйқым келмейді” бағдарламасында жеке өмірін көпшілікке жария етпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Сахнаның адамы тек сахнадан көріну керек. Біздің күйеуіміз, бала-шағамыз – менің ғана өмірім. Оны біреуге көрсетіп қажеті жоқ. Әлеуметтік желіге көп шықпаймын, балаларымды көрсетпеймін, олар өздері де салуға рұқсат бермейді. Күйеуім де үйленгелі сахнаның сыртында жүреді. Осыдан бір жыл бұрын бір мейрамхананың ашылуына барып, күйеуіммен қызыл кілеммен жүріп өткен болатынбыз. Сөйтіп ел: “Жеңіс Ысқақова жас күйеуін көрсетті” деп шулады”, – дейді өнер иесі.

Сондай-ақ әнші күйеуі жайлы қызық оқиғамен бөлісті.

“Бірде ауруханаға жатып қалдым. Сөйтіп балам келді ауруханаға. Баламнан заттарды алып, шығарып салып жатсам күзетте отырған жігіт: “Балаңыз ба? Бірінші күйеуіңіздің баласы ма?” деп сұрады. Шошып кеттім: “Құдай сақтасын, бірінші күйеуім де, екінші күйеуім де бір адам. 30 жыл отасқан күйеуімнен туған балам. Менің бір ғана күйеуім бар” деп жауап бердім. Сөйтсем ол да “жас күйеуін көрсетті” деген жаңалықты көрген екен. Бірақ сол жақсы болды. Сондан кейін күйеуімді ел тани бастады. Күйеуімді көрсете алмай жүр едім”, – деп күлді Жеңіс Ысқақова. 

Бұған дейін әнші Шахизада мен Ерболат Ержанбаевтың дауына қатысты пікір білдірген болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: