Сейсенбі, 29 шiлде, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Белгілі психолог Қызылордаға келді

29.07.2025

114 0

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, сарапшы-психолог Лола Шакимова дін саласының өкілдерімен кездесті.

«Деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларын және терроризм актісі үшін сотталғандарды оңалту» тақырыбында өткен жиында белгілі психолог интернеттегі жат ағымдардың арбау тәсілдерін айтып, жиһад  деген не? Шахид болатындар кімдер? Шынайы діндар адамның болмысын қалай танимыз? осы төңірегінде жан-жақты түсіндірді.

 – Әсіресе, жазғы демалыс кезінде бос уақытын телефонда өткізетін жасөспірімдер тыйым салынған сайттарға кіріп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар мұқият болу керек.Сирияға кеткен жерлестеріміздің қателіктерін бүгінгі жастардың қайталамауы аға буынның бағыт бағдарына тікелей байланысты,-деді Лола Шакимова.


Басқосу соңында сыр бойына арнайы іс-сапармен келген белгілі психологқа облыстық дін істері басқармасының басшысы Мира Қазбекова «Қызылорда тарихы» кітабын тарту етіп, естелік суретке түсті.

                                                                                Балауса Сыздықова

Қызылорда облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ-нің журналист маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: