Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Белгілі журналист Алматыдағы Саяхат автовокзалының ғимаратын жоқтады

04.06.2024

511 0

Сурет:massaget.kz

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Саяхат автовокзалының ғимаратын қиратып тастағандарға наразылық білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, өнерді тудыру қиын, бүлдіру оңай.

«Нағыз сейсмотөзімді, тарихи, аңызға айналып үлгерген ғимарат еді. Ешқандай кедергісі де жоқ, дара тұрған жерінен қиратты да тастады. Обал жасады иттер… Жаңа автовокзалмен бизнестеріне бәсеке болады деген шығар…Бәсекелестерін жою, өлтіру «нәннің» және «нән» жүйенің әдеттері еді ғой…Екіншіден, Саяхат – архитектуралық өнер туындысы еді. Өнерді тудыру қиын, бүлдіру оңай. Үшіншіден, тарихты өзінен бастағылары келетін топастар ғасырлар бойы осылай жасап келеді. Республика сарайын, Балуан Шолақ сарайын т.б. ғимараттардың сыртын қаптап өзгерткен кезде де «Алаш айнасына» шығатын «дейін… кейін…» деген суреттерді көрген сайын «әй, топастар-ай» деп, ішім ашып, бір боқтайтынмын. Әсіресе «Саяхатқа» өте обал жасады. Жылағың келеді. Ретро-Алматының бір символы еді…», – деп жазды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: