Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы кент көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
– Кенттегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелеріне электр желісі тартылып, Әбдіқадыров көшесіне жаяу жүргіншілер жолы түсті. Бірқазан елдімекені, Бірлік, Путейцева, К.Әбдіқадыров 4 және К.Әбдіқадыров 6 көшелері жарықтандырылып, Бірлік көшесіне, Бірқазан елдімекеніне балалар ойын алаңы салынды. Кентті абаттандыру бағытында Орталық, Бірлік көшелеріне түнгі жарық шамдары және К.Әбдіқадыров көшесіне 3 дана аялдама, кіру қақпасы орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Тұрғындардың сұранысына сәйкес кенттегі 12 көшеге электр желісін тартуды жоспарлап отырмыз. Қазір жоба бюджетке қаржыландыруға ұсынылды, – деді кент әкімі Жасұлан Хабидуллаұлы.
Кентте 464 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Жыл көлемінде жаңадан 126 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 141 тұрақты жұмыс орны ашылды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарламаның қайтарымсыз қаражаты есебінен 8 тұрғын грант иегері атанды. Кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында ұсынылған 25 жоба мақұлданып, 2 521 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!