Бейсенбі, 30 қаңтар, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Бензин 5 теңгеге қымбаттайды

30.01.2025

153 0

Фото: pixabay

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мемлекет бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев брифингте Қазақстандағы АИ-92 бензинінің болжамды бағасын айтты. Оның айтуынша, бензин 5 теңгеге қымбаттайды. Министрлік ең жоғары баға литріне 210 теңгеге дейін болады деп отыр. 

Егер автожанармай құю бекеттері бағаны күрт, мысалы, бірден 30 теңгеге көтерсе, бұл мәселемен монополияға қарсы агенттік айналысады.

Министр мемлекет мұнай өнімдері бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін әрекет ететінін және ол үшін барлық тетіктердің барын айтты. 

«Монополияға қарсы агенттік кез келген уақытта жанар-жағармай құю станцияларының немесе жанармай құю бекетінің белгілі бір желісі монополияға қарсы жоғары кіріс ала бастағанын байқаса және бұл туралы нарық қатысушылары білсе, тергеуді кез келген уақытта бастайды. Сондай-ақ министрлік мұны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: