ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин мен дизель отынының қоры жасалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бензин мен дизель отыны қорын егіс маусымына дейін қалыптастырдық және импорттау қажет болатын көлемді қосымша анықтадық. Биыл бұл көлем Ресей Федерациясымен екіжақты қарым-қатынас аясында шамамен 850 мың тонна деп бекітілді», – деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына берген жауабында.
Сондай-ақ, Энергетика министрі бензин бағасы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді.
«Бензин бағасының өсімі күтіліп отырған жоқ», – деп жауап берді Б. Ақшолақов.
Бұған дейін министр Қазақстанның сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтетінін айтқан еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!