Жұма, 27 желтоқсан, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бес рет босаға аттаған келіншек қалыңмалын алып, тайып тұрған

24.04.2024

637 0

Сурет:el.kz

Екі жылда бес рет табалдырық аттаған Әсел есімді арудың оқиғасы жұртты шошытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның енелері “Көреміз” бағдарламасына келіп, көмек сұрауға мәжбүр. Себебі экс-келіндері қалыңмал алған соң, тайып тұрған.

Бағдарламаға бойжеткеннен «зардап шеккен» бірнеше адам келіп, мән-жайды айтып берді. Райхан Жұманова есімді кісі келіннің құтты болмағанын айтады.

Енесі – менің әпкем.  Жиенім оның алаяқ екенін білмепті. Екі айдай сөйлесіп, үйленетін болып шешті. Үлкен тойды да белгіледік. Бірақ, сол екі ортада бір кісілер хабарласып, қыздың алаяқ екенін мәлімдеді. Ол кезде қалыңмалын беріп қойған едік, – дейді.

Осыдан кейін полицияға хабарласып, бөлімшеде барлық мән-жайды біледі. Сөйтсе Әсел бұған дейін төрт босаға аттаған. Келін болып түскен әр үйде бар болғаны бір жарым айдай тұрған.

Әселдің өзі мен анасы студияға қонақ болып келуі керек екен. Алайда денсаулығы сыр беріп, келе алмаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: