Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бес жасар бала терезеден құлап кетті

11.08.2023

665 0

Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға аймақтағы ауылдардың бірінде, жеке үйінде болған.

9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерінің ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғандығын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің екінші қабатына көтерілгенін анықтады. Бүлдіршін өз бөлмесіндегі терезеден қараймын деп абайсызда құлап кеткен.

Полиция қызметкерлері жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарды мұқият болуға және балаларды терезелері ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмауға шақырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: