Жұма, 31 қазан, 18:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Бетіне «уксус» шашқан: әйел зейнеткерді аяусыз тонап кетті

31.10.2025

73 0

Фото: yamal-news.ru

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылында әйел зейнеткердің бетіне сірке суын шашып, алтын бұйымдарын ұрлап кетті. Полиция күдіктіні бірнеше сағат ішінде ұстады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 191-бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 55 жастағы күдікті 62 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, оның бетіне сірке суын шашып жіберген. Әйелдің есін жиғанын күтпестен, күдікті үйдегі барлық алтын бұйымдар мен бағалы заттарды жинап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші – ІІ топтағы мүгедек, жасы егде адам. Оқиға кезінде ол үйінде жалғыз болған. Күдікті есік ашық тұрған сәтті пайдаланып, үйге баса-көктеп кірген.

Полицейлер күдіктіні бірнеше сағат ішінде анықтап, ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іс ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Күш қолдану арқылы тонау») бойынша тергеліп жатыр.

Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне қайтарылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: