Air Astana және FlyArystan компанияларының бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулхановтың мәлімдемесінен кейін Бас көлік прокуратурасы тексеру жүргізуді бастады. Болған жағдайға FlyArystan әуе компаниясы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде өзін Air Astana әуе компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Абулхановтың досы деп таныстырған Бекзат Кұлмановтың жазбасы тарады. Ол Ренат Абулхановтың атынан жазылған хатты жариялады. Хатта автор өзінің ұжымдық жанжалдың құрбаны болып, қамауда отырғаны жазылған.
Абулханов Air Astana компаниясында 2011-2015 және 2019-2024 жылдары жұмыс істеген. Оның соңғы атқарған қызметі – Air Astana құрылымдық бөлімшесіндегі FlyArystan әуе компаниясының маршруттық желіні жоспарлау және табысты басқару жөніндегі директоры.
“2023 жылы компания IPO-ға дайындық жүргізіп жатқан кезде, өзіне және оның департаментіне коммерциялық көрсеткіштерді тым жоғары әрі шындыққа жанаспайтындай деңгейде көрсету мақсатында қысым жасалды. Көрсеткіштерді жасанды етіп көрсетуге келіспегендіктен компания басшылығы маған қатысты теріс қарым-қатынас жасап, кейіннен қызметтен шеттетіліп, ақыры үстімнен қылмыстық істің қозғалды”, – делінген хатта.
Оған тағылған айыптаулардың бірі – авиабилеттерді төмендетілген тарифтермен рәсімдеуге қатысты. Абулхановтың айтуынша, мұндай әрекеттер компания ішіндегі қалыптасқан тәжірибе аясында жүзеге асқан және жоғары басшылық өкілдерінің, соның ішінде олардың туыстарының мүддесі үшін жасалған сұраныстар бойынша орындалған. Сонымен қатар билеттердің төлемі тікелей әуе компаниясының шотына түскен.
“Билеттерді ең төмен тарифтермен сату белгілі бір уақытта ашылып, оларды нақты жолаушылардың сатып алу үшін жағдай жасалады. Бұл ретте мұндай әрекеттердің салдарынан басқа жолаушылар орынсыз қалу қаупі туындайды”, – деп жазды Ренат Абулханов.
Ренаттың айтуынша, қаржылық есептерде сәйкессіздіктер, іс материалдарында көрсетілген сомалар арасында айырмашылықтар бар. Сондай-ақ нақты келтірілген залалдың дәлелденген жоқ.
“Тергеу басталғалы бері маған қатысты ашықтан-ашық заңсыздықтар жасалып жатыр. Қылмыс құрамы болмаған жерде оны қолдан жасап отыр. Тергеуші әрекеттің бастапқы саралауында 2021-2024 жылдар аралығында маған бір фигуранттан жалпы сомасы 17 205 425 теңге көлемінде ақша аударылған деп көрсеткен. Алайда іс материалдарында да, банк үзінділерінде де мұндай сома жоқ. Нақтысында, іс құжаттарына сәйкес маған аударылған қаражат көлемі 8 936 364 теңгені құрайды (49 аударым). Ал сол кезеңде мен өз тарапымнан оған 6 223 551 теңге (51 аударым) жібергенмін. Айырмашылық – 2 712 813 теңге, бұл айына шамамен 56 мың теңге. Тергеу 2021-2024 жылдар аралығында тағы бір фигуранттан маған 5 561 900 теңге аударылды деп көрсеткен. Алайда іс жүзінде бұл сома небәрі 1 427 500 теңге. Мұның барлығы дау тудырып, тергеу уәждерін жоққа шығаратын дәлелдер ұсынылды, соған қарамастан мені қамауда ұстап отыр. Тергеуде басқа уәждер болмады да, болуы да мүмкін емес еді. Айыптаушы тарап менің, сондай-ақ жұбайым мен анамның мүлкін тәркілеп, мені тоғыз жылға бас бостандығымнан айыруды сұрап отыр”, – деп жазды экс-менеджер.
Айтуынша, тергеу барысында және сот процесі кезінде оған мүлдем қисынсыз айыптаулар тағылған:
- Әуе билеттеріне қатысты материалдық жауапкершілігі бар;
- Өз лауазымдық өкілеттіліктері аясында шектеулерді алу мүмкіндігі бар;
- Компанияның қаржысын тікелей басқарып, басшылыққа есеп береді;
- Билеттерді жеңілдікпен рәсімдеуді, айыппұлсыз қайта брондауды және овербукингті қылмыстық мақсатта жүргізуді тапсырды деген айыптар тағылған.
Оның сөзінше, адвокаты компанияғаөзінің жалақысының деңгейі, департаменттің ішкі рәсімдері және өзге де мәселелер бойынша ресми сұрау жолдаған. Алайда Air Astana компнаиясының өкілі Ербол Сүгірбаев нақты жауап беруден жалтарып, толық емес мәліметтер ұсынған. Жалақы мөлшері туралы ақпарат адвокатыма тек 2021 жыл үшін ғана берілді деп отыр экс-қызметкер.
FlyArystan әуе компаниясы болған жағдайға және жария болған мәлімдемеге қатысты пікір білдірді. Мәлімдемеге сәйкес, әуе компаниясы сот үдерісінің материалдарына үкім жарияланғанға дейін түсініктеме беруден бас тартты.
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, бұл айыптау бойынша тергеу болатынын мәлімдеді.
“Air Astana мен Fly Arystan компанияларындағы жымқыру және ақшаны жылыстатуға қатысты қылмыстық іс туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Әуекомпаниясы басшылығының нұсқауы бойынша топ-менеджерлердің туыстарының, сондай-ақ басқа да адамдардың пайдасына жеңілдікпен әуе билеттерін сату туралы ақпарат бар. Бұл айыптауларды тексеру үшін бас көлік прокуратурасы азаматтық авиация комитетіне Air Astana мен Fly Arystan қызметіне тергеу жүргізу туралы өтініш берді”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Желі қолданушылары бұл мәселені көтеріп, овербукингтен зардап шеккендерде табу керегін айтты. Бұл жағдай қазақстандықтардың жағасын ұстатты.
“Жасанды овербук Фостердің адамдары ұшу үшін жасалған. Досыңызды кінәлі етіп отыр. Ағылшын тілді медиаға шыға аласыз ба? Акцияларына әсер етуі мүмкін”, “Жолаушылардың өз рейстерімен ұша алмауының себебін түсіндік”, “Бұл мәселені көтеру керек, сонда күндер мен бағыттар бойынша овербукингтен зардап шеккендер табылар еді. Біреулердің кесірінен адамдар ақшасынан, уақытынан, жүйкесінен, мүмкіндіктерінен айырылды. Кейбірі жерлеу рәсіміне, тойға немесе емделуге үлгермей қалды. Бұл нағыз арсыздық, сөз жоқ”, – деп жазды желідегілер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
