Сенбі, 27 шiлде, 04:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Білгісіз ер адам әйелді пышақтап өлтірген

27.07.2024

50 0

Сурет:pixabay.com

Қостанай облысында белгісіз ер адам әйелді бауыздап өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға 20 шілде күні Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында болған.

Карл Маркс көшесіндегі жеке үйлердің бірінің ауласында мойны кесілген жаралы әйел табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі әйелдің көз жұмғанын анықтады.

Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артына және бетіне пышақ жарақатын алған. 

«Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: