Жұма, 05 қыркүйек, 20:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Білім беру ұйымдарына жаңа тамақтану стандарты енгізілді

05.09.2025

34 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 4 наурыздағы N16 бұйрығымен бекітілген жаңа тамақтану стандарты 2025-2026 оқу жылының 1 қыркүйегінен күшіне енді.
Біздің өңірде жалпы білім беретін мектептерде төрт апталық маусымдық перспективалық мәзір облыстық білім басқармасымен келісіліп, денсаулық сақтау басқармасымен бекітілді.
Тамақтану стандарты мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру және сауықтыру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға қолданылады.
Тамақтану стандарты заманауи, халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген. Басты мақсаты- балаларды қауіпсіз, сапалы және құнарлы тамақтанумен қамтамасыз ету.

Жаңа стандартқа енгізілген түзетулердің негізгі артықшылықтары:

  • ДДҰ ұсыныстары бойынша тәуліктік қанттың қабылдау мөлшерін 25 грамнан, тұздың тәуліктік қабылдау мөлшерін 5 грамнан асырмау;
  • Жемістер мен көкөністерді тұтынуды көбейту;
  • Мәзірден табиғи емес тағамдарды, мөлшерден тыс тұзды және қант қосылған тағамдарды алып тастау;
  • Білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру үлгілері:
  • «Шведтік столы», Кейтеринг и аутсорсинг қарастырылған;
  • Шағын жинақталған мектептерде – «Ланчпакеттер»(түскі ас пакеттері);
  • Мектепке дейінгі ұйымдар мен балаларды сауықтыру ұйымдарында кейтеринг және аутсорсинг рұқсат етілмейді;
  • Жеуге жарамсыздық индексі = Тамақ қалдықтары
  • Стандарт білім беру ұйымдарында тамақтанудың біркелкі тәсілдерін қамтамасыз етеді және оны енгізу балалардың тамақтануының сапасын арттыру мен денсаулығын нығайтудың негізіне айналуы тиіс.

Мектеп тағамдарына арналған көп нұсқалы перспективалы мәзір үлгісі балалардың физиологиялық қажеттіліктерін энергетикалық құндылығын (калориялық) ескере отырып құрастырылған.Балалардың жас санаттары, маусымдық ерекшеліктерін (қыc-көктем, жаз-күз), сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген. Семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша ДДҰ ұсынымдары ескерілген. Рацион мыналарды қамтиды:

  • ет, балық және көкөніс тағамдары, жаңа піскен көкөніс салаттары және қант мөлшері аз сусындар;
  • майы аз сүт;
  • пробиотиктері бар ашытылған сүт өнімдері;
  • көкөністер мен жемістердің мөлшерін көбейту.
    Шағын мектептерге арналған түскі ас пакеттері (ланч-пакеты)
  • қайнатылған, порцияланған сиыр/жылқы еті/тауықтың, күрке тауықтың төс еті/жартылай қатты ірімшік, қайнатылған немесе шикі көкөністер, көк шөп қосылған наннан, лаваштан жасалған пергаментке оралған ыстық бутерброд;
  • ашытылған сүт өнімі (йогурт);
  • маусымдық жемістер
  • сусындар (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жемістер, жидектерден). Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

Гульмира Сыздыкова,
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: