Дүйсенбі, 21 шiлде, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53, 2166
19.07.2025
PDF мұрағаты

Жұмыста отыру адам өмірін қысқартады

20.07.2025

74 0

Фото: pixabay. сom

Жапониялық зерттеушілер ұзақ уақыт бойы қозғалмай отыру адамның тері астындағы қан тамырларының кеңею қабілетін төмендететінін анықтады. Ал қоршаған ортаның температурасын өзгерту бұл әсерді жоя алмайды. Зерттеу нәтижелері European Journal of Applied Physiology журналында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Зерттеуге 12 дені сау жас ерікті – алты ер адам және алты әйел қатысты. Бір күні олар температурасы 25 °C болатын бөлмеде екі сағат бойы қозғалыссыз отырды. Басқа күні зерттеушілер ауа райының ауысуын еліктетіп, температураны кезектесіп 18 °C-қа дейін төмендетіп, кейін 35 °C-қа дейін көтеріп отырды. Бұл цикл екі рет қайталанды.

Әр сеанстан кейін ғалымдар қатысушылардың білегіндегі қан тамырларының жағдайын бағалады. Нәтижесінде, ұзақ отыру тамырлардың кеңею қабілетін (вазодилатация) айтарлықтай төмендетіп, керісінше тарылуға (вазоконстрикция) деген реакцияны күшейтетіні анықталды. Бұл құбылыс температураның өзгеруіне қарамастан байқалды. Авторлар қарапайым жылу мен салқындықты алмастыру қан айналымының бұзылуын алдын алмайтынын, сондықтан басқа шаралар қажет екенін алға тартты – мысалы, үзіліс жасап тұру және күн ішінде белсенді қимыл жасау.

Бұған дейін зерттеушілер ара уының тамырларға әсерін де анықтаған. Апитоксин жасушалардың тіршілік қабілетін төмендетіп, тамырлардың кеңеюіне кедергі келтіруі мүмкін. Алайда ол мұқият бақылаумен қолданылса, кейбір ауруларды емдеуде пайдасы болуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: