Ержан есімді цирк қызметкері екі әйелге бірден үйленгеннен кейін желіде қызу талқыға түсті. Содан бастап әлеуметтік желіде өз парақшасын жүргізіп, халықпен сұхбаттаса бастады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ержан желідегі халықты қызықтырған көптеген сұраққа жауап берді.
«Иә, мен ораза ұстадым. Ауыз ашатын уақытқа дейін сіздермен сөйлесіп, сұрақтарыңыз болса жауап беремін. Екі әйел алғаным рас. Өзім циркте жұмыс істеймін. Шымкенттегі Қайтпаста тұрамын. Шыққан ауылым — Жетісай. Әйелдерім үйде, жұмыс істеп жатыр.
Екеуі ұрыс-керіске бармайды. Қазір сол екі қайынжұрт бар. Әрине, басында түсінбестік, шу, қарсылық білдірген үлкендер болды. Үшінші әйел алу қазірге жоспарда жоқ. Бұйыртса, қос-қостан перзент сыйлап, ұрпағым оннан асады деп отырмын. Маған негатив жазбаңыздар. Таза мұсылман елдің төсегі мен ішкиіміне үңілмейді. Таза мұсылман екі әйел алудың, оны ұстаудың ережесін, жөнін біледі. Иә, менің әйелдерім бір үйде тұрады. Екеуі екі бөлмеде. Бір күні бірінші бөлмеде болсам, екінші күні келесі бөлмеде қонамын. Ол сұрақты енді қайтып қоймаңыздар!»,— деді.
Шымкент қаласының тұрғыны жайлы алдымен көпшілік желі арқылы білген еді. Оның бір күнде қалайша екі қызға үйленгенін көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне таңғалып жарыса айтты. Алғашында «КҮН.КЗ» редакциясына жігіттің тойында болған қонақтар видео жолдаған еді. Кейіннен материал сайтқа шыққан сәтте жігіттің әпкелері ұялса керек, «Бұл өтірік» деп хабарласты. Араға көп уақыт салмай бұл жағдайдың шын екенін жігіттің өзі растады.
Ержан есімді 27 жастағы жігіт циркте жұмыс істейді екен. Ол жігіт күнінде екі бойжеткенмен қатар сөйлесіп жүрген. Кейіннен екеуін бірдей үйіне алып келген. Анасы қанша қарсы болғанына қарамастан, екі бойжеткен де «Ержанның келіншегі болып, осында қаламыз» деп шешім қабылдаған.
Сурет: Aikyn.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!