Сенбі, 10 қаңтар, 08:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Бір палаталы парламенттің атауы өзгере ме: Жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

09.01.2026

65 0

Фото: Ақорда

Астанада мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда, – деп хабарлайды  kursiv.media

Бұл жолғы отырыстың негізгі тақырыбы жаңа бір палаталы Парламенттің атауы және басқа билік институттарымен қарым-қатынасы туралы болды.

«Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев болашақ Парламенттің мемлекеттік биліктің басқа да институттарымен өзара іс-қимылы кезіндегі өкілеттіктеріне қатысты жалпы тәсілдер туралы айтты», – делінген хабарламада.

Әзірге жаңа Парламенттің атауы қандай болатыны белгісіз. Ақорда ақпаратына сүйенсек, жиын қорытындысы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қарин келіп түскен ұсыныстардың барлығын жинақтап, жан-жақты талдауды тапсырған.

Айта кетейік, жұмыс тобы 2025 жылы қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен құрылған. Алғашқы отырыста Тоқаев азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіруге қатысты ұсынысын жинақтау мақсатында e-Otinish платформасы мен eGov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімін ашуды тапсырған. Бүгінге дейін e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы Жұмыс тобына халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 500-ден астам ұсыныс келіп түскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: