Қостанай қалалық соты жұмысшының жұмыс беруші компаниядан талап еткен моральдық зиянды өтеу туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сүйенсек, 2025 жылдың маусым айында жүк тиеу жұмыстарын орындау кезінде жұмысшы жалпы салмағы шамамен бір тонна болатын ұн қаптарының құлауы салдарынан дене жарақаттарын алған. Салдарынан сот-медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес, жұмысшы денсаулығына аса ауыр зиян келген.
Сотта компания өкілі ауруханаға барғанын, ерікті түрде материалдық көмек көрсеткенін және жазатайым оқиғадан кейін 520 000 теңге төлегенін жеткізді.
«Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына сәйкес, денсаулығына келтірілген зиянның өтемін кәсіби еңбекке қабілеттілігін толық немесе ішінара жоғалтқан жәбірленушілер, ал ол болмаған жағдайда жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан тұлғалар талап етуге құқылы. Талапкердің моральдық зиянды өтеу туралы талабына қатысты сот жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидаларын бұзу түрінде көрініс тапқан әрекеттері мен талапкерге денсаулыққа ауыр зиян келтіру салдарлары арасындағы себеп-салдарлық байланысты арнайы тергеу актісімен және сот-медициналық сараптама қорытындысымен анықтады. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, азамат Ч-ның талап арызы ішінара қанағаттандырылды».Қостанай облыстық соты
Талапкердің пайдасына 2 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысын, сондай-ақ сот шығындарын өндіруді міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
