Бейсенбі, 28 қараша, 15:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бір үйдің төрт баласы өрт салдарынан көз жұмды

26.10.2023

988 0

Иллюстративті фото

Абай облысында бір үйдің төрт баласы көміртегі тотығынан уланып, көз жұмды. Бұл туралы  Abainews Telegram арнасы хабарлаған. 

Қайғылы оқиға 25 қазан күні сағат 11:00 шамасында Абай облысының Аягөз қаласында болған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы төрт баланың денесін тапқан.

8 жасар егіз бен олардың 3 және 2 жастағы інілері көміртегі тотығымен уланып, көз жұмды. Балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді және оқиға болған кезде ол жұмыста болған, ал анасы базарға азық-түлік алуға кеткен.

Қаланың жергілікті тұрғындары ата-аналарға көмек көрсету үшін қаражат жинап жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: