Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 23:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Бір жарым жастағы сәби терезеден құлап кеткен

20.04.2024

690 0

Сурет:massaget.kz

Павлодар қаласында төртінші қабаттан құлап кеткен бір жарым жастағы сәби аман қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 18 сәуірде кешке болған. Анасының айтуынша, үй шаруасымен айналысып жүріп баласын бір сәтке қаперден шығарып алған.

Сол кезде балақай орындық арқылы терезеге шығып, ашық тұрған терезеден құлап кеткен. Дереу жедел жәрдем шақырылып, бала ауруханаға жеткізілген.

«Баланың еш жері сынбаған, тіпті құлаған кезінде есінен де танбапты. Азын-аулық жарақаттары бар. Бірақ өміріне еш қаупі жоқ», – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Ардақ Айтмұхамедұлы.

Мамандардың айтуынша, Павлодар облысында кейінгі жылдары балалар жоғары қабаттан құлайтын оқиға саны жиілеп кеткен. Мәселен, 2023 жылы 21 дерек тіркелсе, кейінгі үш айдың өзінде жеті оқиға болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: