Сәрсенбі, 12 қараша, 11:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

«Бірі соққыға жығылды, бірі қорлық көрді». Аймағамбетов дәрігерлерді қорғайтын заң туралы айтты

12.11.2025

55 0

Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солардың бірі – “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы.

Депутат Асхат Аймағамбетов бұл маңызды заң жобаларының бірі екенін атап өтті.

Бұл маңызды заң жобасы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғау үшін әзірленді. Онда медицина өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны айтарлықтай қатаңдату жөніндегі нақты нормаларды ұсынып отырмыз. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар көбейіп барады, – деді Аймағамбетов.

Ол атағандай, бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылды, тағы бір жедел жәрдем шақырған үйден қорлық көрді. Әрине мұндай жағдайға жол беруге болмайды.

Аймағамбетов Мемлекет басшысы да осы мәселені бірнеше рет көтергенін атап өтті.

Сонымен қатар Мәжіліс Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау жобасын жұмысқа алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: