«Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-ң ғимаратының күту залында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» департаментінің мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Бүгінде бөлім тарапынан 28 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілер негізінде түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, әр аптаның жұма күні «Ашық есік» күні өткізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!