Күз кетіп, қыс түсті. Жер қарада дала жұмыстары дамыл таба қоймайды. Табиғаттың шуақты мезетін шынайы игілікке бұрып, абаттандыру мен көркейтуге барынша көңіл бөледі. Бұл соңғы жылдардың дәстүріне айналған машық мәселе.

Қазір қала көлемінде қыруар шаруа қолға алынып, әдеттегідей әрлеу, сырлау, қоқыс шығару, ағаштарды балақтау секілді мың-сан жұмысқа жан біткен. Бұл Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бойынша халықтық іс негізінде жүргізілуде. Тазалық пен тәртіпке мойынұсынған жұртшылық ортақ міндетті жұмыла көтеріп келеді.


Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!