Сенбі, 21 желтоқсан, 23:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бірлескен жұмыстар жалғасын табады

28.01.2021

6537 0

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков облыстағы 11 этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған бірнеше жобаларды жүзеге асыру және тағы басқа бірқатар мәселелерді талқыға салды.

Мекеме директоры Б. Мастеков қазақ елінің бүгінгі жеткен жетістігі – қоғамдағы мызғымас тұрақтылықтың нәтижесі. Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз тек берекеге бастау болар сан мың жолдан өткендігін атап өтті. Бүгінге дейін бағындырған белестер баянды болуы үшін бірлескен жұмыстарды қолға алып, жүзеге асыратындығын жеткізді.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктің жетекшілері әрі де қазақ халқының ынтымақшылдығы негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын және әрбір бастаманы қолдауға әзір екендерін алға тартты.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: