“Славяне” орталығының онкүндігі аясында Достық үйінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен бірлескен А. П. Чеховтың 165 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Славяне орталығының төрағасы Галина Щербакова мен “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай құттықтау сөздерін айтып, Славяне орталығының осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарын атап өтті.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен келген «Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттары А. П. Чеховтың өмірі мен шығармашылығына арналған викторина өткізді. Қатысушылардың белсенділігі ерекше болды.
Іс-шара соңында қатысушылар ҚХА-ның 30 жылдығына арналған бейнероликті тамашалап, Славяне орталығының төрағасы Галина Щербакова белсенді қатысушыларға кітаптар сыйлады.
Шараның соңында Достық үйінің фойесінде ҚХА-ның 30 жылдығына арналған ескерткіш тақтайшасымен танысу рәсімі өтті.
Бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған маңызды әрі мәнді сәттерге толы болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!