Бейсенбі, 10 сәуiр, 23:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25,2138
08.04.2025
PDF мұрағаты

”Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл” ескерткіш тақтасы ашылды

01.03.2025

183 0

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінде Қызылордадағы «Достық үйінде» «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

– Құрметті қауым! Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мерейлі мерекеде киелі шаңырақ «Достық үйінің» қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясының ескерткіш тақтасын ашқалы отырмыз. Бұл тарихи маңызы бар ескерткіш бірліктің, татулықтың және еліміздегі түрлі этностардың ынтымағының нышаны болмақ.Түсіністік пен келісімнің арқасында еліміз қарыштап дамып, әлемдегі ең тұрақты әрі қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Алдағы уақытта да бірлік пен еңбекке негізделген саяси мәдениетімізді одан әрі нығайтып, еліміздің мәртебесін асқақтата береміз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Ш.Байманов атаулы жылдың ерекше маңызы бар салтанатты сәтін бастап, ескерткіш тақтаны ашты.Шараға қатысушы облыстық Ассамблея өкілдері еліміздегі достық пен бірлікті дамыту, көпэтносты қоғамның тұрақтылығы мен өзара құрметті сақтау жайында ой бөлісті. Ескерткіш тақта – Қазақстан халқының ынтымаққа негізделген өмір салтын насихаттау, қоғамдағы бейбітшілікті бекітудегі тарихи маңызға ие белгі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: