Жексенбі, 25 қаңтар, 16:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (2218)
24.01.2026
PDF мұрағаты

Бірлік – ырыстың мерейі

25.01.2026

50 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Жыл басы елеулі тарихи оқиғалармен бастау алды. Қаңтардың 20-шы жұлдызында Сыр елінің бас қаласы – Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V-ші отырысы өтті. Алқалы жиынға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы аймақта атқарылған игі істерге, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді және табанды жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар, «Сыр бойы – нағыз еңбек адамдарының мекені» және «Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған» деп дәріптеп, барша қызылордалықтың мерейін үстем етті.

Расында, Сыр елі бұл күнге зор табыспен, соны серпінмен жетті. Соңғы үш жылда әлеуметтік саланың әлеуеті артып, руханиятқа мол мұра қосылды. Экономикалық өсім еселеніп, құрылыс қарқынды дамыды. Мұның барлығы Мемлекет басшысының және Үкіметтің ерекше қолдауымен, облыс әкімінің ұтымды үйлестіруімен жүзеге асты.
Алаштың айтары бар алқалы қауымы кеңес құрған Құрылтайды жоғары деңгейде өткізу жүгін жұмыла көтерген қызылордалықтар ынтымақ пен ырыстың үлгісін көрсетті. Бүгінгі салтанатты жиында қала әкімі Нұржан Ахатов келелі басқосудың өтуіне атсалысқан түрлі сала қызметкерлеріне аймақ басшысының арнайы ризашылығын жеткізіп, облыс және қала әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: