Жұма, 08 қараша, 00:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Бірқатар білім беру ұйымдарында спортзал құрылысы жүргізіледі

23.01.2023

999 0

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 24 сессиясына облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы екі мәселе облысты басқару схемасын және облыстың әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы шешімге өзгеріс енгізу бойынша облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Е.Бәкіров хабарлама жасады.Одан соң, өзекті мәселе 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Рахымшаұлының хабарламасы тыңдалды.

Сессия барысында «Amanat» партиясының фракция мүшеcі, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева: «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына сәйкес жалпы орта білім беретін мектепте спортзал болуы қажет. Сонымен қатар, «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!»атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 40 тармағына сәйкес барлық мектептерде спортпен айналысу үшін жағдай жасау 2025 жылға дейін 100 % қамту көзделген. Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін спортзалы жоқ мектептерге спортзал құрылысын салу қажет. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қажетті сомма 13,4 млн теңге» деп, Жосалы кентіндегі №284 мектеп лицей-интернат, Қараөзек ауылындағы №128 орта мектеп, Айнакөл ауылындағы №175 орта мектептеріне спортзал қажеттілігі бойынша қолдау білдіруді сұрады.

Нәтижесінде оң шешімі қабылданып, ұсыныс қолдау тапты. Яғни, 2023 жылы аталмыш білім беру ұйымдарында спортзал құрылысы қолға алынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: