Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бірқатар министр қызметін сақтап қалды

04.04.2023

631 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар министр қызметін сақтап қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділет министрі өз лауазымында қалған.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке биыл қаңтарда тағайындалған еді.

Асхат Оралов та министр қызметінде қалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Шенеунік биыл 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалған еді.

Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі лауазымында қалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Тамара Дүйсенова да еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке 2022 жылғы 11 сәуірден бастап тағайындалған еді.

Марат Қарабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды.

«Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.

Ол – 2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: