Дүйсенбі, 08 қыркүйек, 13:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Бірыңғай есеп беру күні өтеді

08.09.2025

57 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабына сәйкес, 2019 жылдан бастап қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде еліміздің барлық өңірлерінде бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күнін өткізу практикасы енгізілген.

Бірыңғай есеп беру күні – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту мақсатында бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау, олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту үшін өткізіледі.

Аталған шараға кәсіпкерлік субъектілері, бақылау және қадағалау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ тиісті аумақтық бірліктің прокуратура органдарының өкілдері қатысады.

Қызылорда облысында бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу 2025 жылдың 25 қыркүйегі сағат 11:00-ге белгіленді.

Өткізілу орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1 мекенжайы, облыстық мекемелер үйінің 3 қабаты, Г-блогы (мәжіліс залы).

Жауапты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ.

Іс-шараға қатысуға тіркелу 8 (7242) 60-54-08, 60-54-07 байланыс телефондары арқылы жүргізіледі.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: