2025 жыл басталғалы бері 111 бірыңғай байланыс орталығына балалардан 110 мың 999 өтініш түскен. Нақты атағанда, 108 987 өтініш мектептер мен колледждерде орналастырылған QR кодтар арқылы, ал 2012 қоңырау телефон арқылы қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Ең көп өтініш түскен өңірлер: Алматы қаласы (9 160), Батыс Қазақстан (7 654), Түркістан (7 478) аймақтары. Ал ең аз көрсеткіштер: Ұлытау (1 017), Солтүстік Қазақстан (1 738), Абай (1 765) облыстары.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, 3 499 балаға психологиялық көмек көрсетіліп, 1 602 өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жедел қолдау ұйымдастырылған.
«Күн сайын мамандар жүздеген баланың жанайқайын естиді. Бірі уайымын, бірі қорқынышын, енді бірі отбасындағы қиындықты, бірі ата-ана, достар арасындағы түсініспеушілікті бөліседі», деді аталған комитеттің төрағасы Насымжан Оспанова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
