Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл 15 жасқа толған балалардың әрқайсысы кәмелет жасына дейін 130 доллар алады: Сарапшылар төлем кестесін жасады

23.09.2022

1644 0

1 қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық жолдауында Ұлттық қордан қаражат бөліп, әрбір балаға 17 жасқа толғанша қаржы бөліп тұратын жаңа қор құруды ұсынған. Төменде көрсетілген кестеден қорға түсетін соманың болжамды мөлшері мен жылда түсіп тұратын қаражатты біле аласыздар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент жолдауында әрбір отбасының ел байлығынан өз үлесін алуы қажет екенін айтқан.

«Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың әлеуметтік жинақ шотына аударылуы қажет. Бала кәмелетке толмайынша бұл жиналған қаражат алынбайды. Бұл өскелең ұрпақтың үлкен өмірге сенімді аяқ басуына жолдама болады. Қор ұлттық мәртебеге ие болып, халыққа қызмет етеді»,  – деп сендірген Тоқаев.

Төлем сомасы тарихи деректер, БҰҰ-ның демографиялық болжамы және  Ұлттық банктің соңғы 10 жылдағы Ұлттық қордың валюталық активтерінің орташа кірістілігі туралы деректері негізінде есептелген.

Биыл 15 жасқа толған балалардың әрқайсысы кәмелет жасына дейін 130 доллар алады: Сарапшылар төлем кестесін жасады

Jusan Analytics сарапшыларының мәліметінше, 2024 жылы 17 жасқа толған жасөспірімнің шотына 2025 жылы 130 доллар түседі. Ал 2024 жылы дүниеге келген баланың шотына 2042 жылға дейін 3 025 доллар жиналады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: