Сейсенбі, 25 қараша, 12:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға қанша теңге жәрдемақы берілді?

25.11.2025

47 0

Фото: Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша 542,8 мың адамға және асыраушысынан айырылу тұрғысында шамамен 175,4 мың адамға жалпы 617 млрд теңгеден астам сома төленген. Оның ішінде 543,1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) берілсе, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 74,6 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 99,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 67,1 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төлемдердің мөлшері мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5% – ға өсті. Үкіметтің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5% – ға артқан.

Мәселен, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін – 55 474 теңгені құрап отыр.

1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 72 003 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 75 537 теңгені құрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: