Сейсенбі, 18 қараша, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Биыл облыста «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 310 квота бөлінді

18.11.2025

44 0

Елімізде 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Аңсаған сәби” арнаулы бағдарламасы іске қосылды. Арнаулы жоба қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдеседі. Биыл облыста аталған бағдарлама бойынша мұқтаж отбасыларға 310 квота бөлінген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова мәлімдеді.

“Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бастап биылға дейін берілген квотаның саны 8 есеге өскен. Өткен жылы бөлінген 270 квота толық игеріліп, экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 92 бала өмірге келсе, қазіргі таңда 51 әйел жүкті. Ал биыл облысқа 310 квота бөлінсе, оның 285-іне жолдама беріліп, орындалу үлесі 91,9 пайызды құрап отыр. Бүгінгі күні 455 отбасы квота кезегін күтуде. Кезекте тұрған отбасылардың барлығы өңірлік комиссия арқылы қаралып, қолданыстағы бұйрықтарға сәйкес жолданады,- деді Мая Миранбайқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: