Сенбі, 20 желтоқсан, 00:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (2209)
20.12.2025
PDF мұрағаты

Биыл облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті

19.12.2025

55 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгінде Қызылорда облысының аумағында елдімекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


Жыл басынан бері өңірде 11 елді мекен көгілдір отынға қосылып, 17 мыңға жуық тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды.
Нәтижесінде, облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.
Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Биыл облыста 280 шақырым электр желісі, 87 дана қосалқы станция мен 40,2 шақырым әуе желісі қайта жаңғыртылды.
2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 85,2 мың тоннаны құраса, қазіргі таңда 106,2 мың тонна көмір жеткізілді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 98,6 пайызға жеткен болатын.
Қалған елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында тиісті қаржы бөлініп, нәтижесінде, Арал ауданы Ақбасты, Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу және Қазалы ауданы Шәкен, Шитүбек, Сарбұлақ, Шиліелді мекендерінде ішкі су жүйелерін салу жобалары аяқталып, сапалы ауыз су берілді.
Қазіргі таңда Арал ауданы Тоқабай және Абай елді мекендерін ауыз сумен қамту жобасы аяқталу үстінде. Жыл соңына дейін облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызды құрайды деп күтілуде.
Биыл облыста 7,9 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында қуатылығы 240 мегаватт электрэнергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны – 215 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда қуатылығы 176 мегаваттық 2 дана газ турбиналық қондырғысы, 95 мегаваттық бу турбинасы, сағатына қуаттылығы 120 тоннаны құрайтын 2 дана бу қазандығы мен 150 гигакалория құрайтын 4 дана жылу қазандығы орнатылды.
Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» компаниясы тарапынан жылу орталығы тесттік режимде іске қосылып, 88 мегаватт электр энергиясын өндіру қуатын пайдалануға берді. Жыл соңына дейін қосымша 88 мегаватт қосылып, жалпы қуат 176 мегаваттқа жетеді деп күтілуде.
Келесі жылы бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 мегаватт электр энергиясын шығаратын болады.
Газдандыру, ауыз сумен қамту, электр және жылу желілерін жаңғырту бағытындағы жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік беруде. Ал жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы алдағы жылдары өңірдің энергияға деген сұранысын толық қамтамасыз етіп, энергетикалық қауіпсіздікті күшейтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: