Дүйсенбі, 31 наурыз, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Биыл жазда аптап ыстық бола ма?

28.03.2025

410 0

Фото: BAQ.KZ

Биыл Қазақстанда жаз мезгілінде күн райы қандай болады? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Қазгидромет мамандары ресми түрде жауап берді.

Синоптиктердің айтуынша, жазда еліміздің көп бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық норма шамасында сақталады. 
Алайда жекелеген күндері аптап ыстық болуы мүмкін.

Ауа температурасы +28…+35°C аралығында болса, оңтүстік пен оңтүстік-батыста +37…+42°C-қа дейін көтерілуі ықтимал.

Жаз мезгілінде, әсіресе шілде айында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерінде ыстық ауа райы байқалады. Бұл кезеңде ұзақ уақытқа созылатын құрғақшылық болуы да мүмкін, – деді мамандар.

Сонымен қатар, маусым-тамыз аралығында кей кезеңдерде ауа температурасы климаттық нормадан асып кетуі ықтимал. Яғни күн бұрынғы жылдардағыдан да ыстық болуы мүмкін.

Жауын-шашын қай өңірлерде көп түседі?

Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, жаз бойы еліміздің түрлі өңірлерінде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Алайда елдің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ұзақ кезеңдер болуы мүмкін.

Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары үшін өзекті. Мұнда жаңбыр аз жауады, ал ыстық ұзаққа созылуы мүмкін, – делінген ресми жауапта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: