Топ-баннер2

Бейсенбі, 12 наурыз, 19:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Бюллетеньді бүлдіріп алған жағдайда жаңасы беріле ме

12.03.2026

40 0

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Азаматтарға дауыс беруге бір ғана бюллетень ұсынылады. Бұл жөнінде ҚР Орталық референдум комиссиясы сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Комиссия мәліметінше, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ.

Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.

— Учаскелерге азаматтар есептен шығару куәлігімен келуі мүмкін. Бұл — тіркелген мекенжайынан басқа жерде дауыс беретіндерге ұсынылатын құжат. Не болмаса, учаскелерге бір тәулікке тіркелгендер де болуы ықтимал. Бюллетеньдердің 1% артық жасалатын себебі  сол. Жоғарыда жазылған екі топтағы азаматтар үшін қарастырылған. Ал бюллетенін бүлдіріп алғандарға екіншісі берілмейді, — делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: