Сенбі, 21 желтоқсан, 22:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған сәбиіне үш бөлмелі пәтер мен көлік тарту етті

04.11.2024

749 0

Танымал блогер Дархан Жолшыбековтың Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында тұратын некесіз бес жасар қызы бары белгілі болды. Алты айдан кейін блогер қызымен қайта жолығып, көлік пен үй сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Желіде кеңінен таралған бейнежазбада Жолшыбеков қызының анасына жаңа JAC маркалы көліктің және елордадағы сол жағалауда орналасқан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстағанын көруге болады. Сондай-ақ, ол қызына өзінің тегін берген екен. Енді бес жасар қыздың құжатында аты-жөні Айша Жолшыбек болып жазылады.

Желі қолданушылары әкенің қызына қайта келуіне блогердің жұбайы Дариға ықпал етті деп айтуда. «Ойлаймын, жағдай Дарханның жұбайы Дариға арқасында шешілді», «Дари өте ақылды әйел», «Бәрі әйелге байланысты», «Дариғаға ескерткіш қою керек», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, осы көктемде бұл тақырыпқа «Көреміз» бағдарламасының бір шығарылымы арналған болатын. Онда Сәтбаев қаласының тұрғыны Айдана Сапарбекова бес жыл бұрын кәсіпкермен жақын қарым-қатынаста болғанын, қазірде бес жасар қызы бар екенін айтқан еді.

Сонымен қатар, блогер-миллионердің 8 ай бойы қызына бар болғаны 15 365 теңге алимент төлейтіні белгілі болды. Қыздың денсаулығына күрделі ем қажет екені де хабарланған. Қыз бәрін түсінеді, бірақ сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Сұраққа сұрақпен жауап береді. Бұл оның эхолалия диагнозын алғанын білдіреді, яғни оған айтылғанды толықтай түсінбей, сөздер оған жаңғырып естілгендей болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: