Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлердің жарнамаға ішкен тамақтарына да салық салынатынын айтты. Бартер де енді табыс болып саналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогерлердің жарнамасы да табыс болғандықтан, ол үшін де салық салынады.
“Бартер – бұл ақшаны пайдаланбай, жарнамаға тауарлар мен қызметтер алу. Мысалы блогер Instagram желісінде кафені жарнамалап, оның орнына кешкі ас ішеді. Бұл жағдайда кешкі ас блогердің табысы болады және ол осы табыстан жеке табыс салығын төлеуі керек. Мемлекеттік бюджетке салық төленсін”, – деді қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жеке кірістерді әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!