Мәжілісте Қаржы министрі Мәди Такиев салық төлемей жүрген блогерлерді тексеру басталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Блогерлермен бірталай жұмыс атқарып жатырмыз. Мыңдаған блогерге хабарландыру жібердік. Нақтырақ айтқанда, 854 блогерге 72 млрд теңгеге “ақшаларыңызды толық көрсетпедіңіздер” деп хабарлама жібердік. Оның 394-і 11,8 млрд теңге төледі. Енді біз қалған 438 блогерге тексеріс ашайын деп отырмыз, – деді Қаржы министрі Мәжіліс кулуарында
Оның сөзінше, блогерлер салықты келесі жылдың 31 наурызына дейін төлеуі тиіс.
Блогерлер салық төлемей жүргендіктен, тексеріс ашамыз, – деді Мәди Тәкиев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!