Бұл туралы депутат Болат Керімбек Мәжілістің кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Болат Керімбек бойдақтарға салық салу мәселесі бойынша пікірін білдірді.
Бұл қоғамдағы қатынасты реттеу үшін, жастарға сигнал ретінде тәртіпке, отбасын қүру ретке келіп, көпбалалы болу мақсатына қатысты шешім болатын, – деді депутат.
Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде бойдақтардың жалақысының 3-5 пайыз мөлшерінде ұсталады.
Жалпы осындай шешім қабылдау жалпы отбасын құрған адам өмірде ешқашан ештеңеден ұтылмайды. Баласы уақытында ерте дүниеге келіп жатса, кейін баласы ержетіп немерелі болса, ол балаларының уақытында қызығын көрсе одан бақытты адам жоқ. Тіпті мынадай статистика бар. Отбасын құрған ер азамат сүр бойдақтардан қарағанда 10-15 жыл ұзақ өмір сүреді екен. Бұл әлемде дәлелденген мәлімет, оны социологтар да, демографтар да айтып отыр. Бізде «он үште отау иесі» дейді ғой. 13 жаста қазір қисынсыз, бірақ 35 жасқа дейін әр азамат өмірін жоспарлап, отбасылы болу керек. Бұл менің ұсынысым, – дейді ол.
Сондай-ақ депутат айтылған бұл ұсынысты ресми органдарға жолдамағанын жеткізді.
Қоғамда алуан түрлі пікір айтуға әркімнің өз құқығы бар. Демографиялық тұрғыда бұл қазақ қоғамы үшін өте қажет,– Болат Керімбек.
Отбасын құру үшін жағдай жасап алу керек шығар деген сұрағымызға депутат былай жауап берді.
Жағдай деген ол сылтау. Біз өзіміз де, әке-шешеміз де, ата-бабаларымыз да жағдайын жасап, көлік, үй алайын, оқу бітіріп алайын, екі-үш диплом алайын деп ешкім күткен жоқ. Отбасы болуға еш кедергі жоқ. Менің ойымша екі жас бірігіп мүлікті сол ү йді бірге алғанда да оның қадір-қасиеті болады. Қазір ажырасу көп, өйткені бірігіп таппаған дүние-мүлік жастар үшін құнды болмайды. Сол үшін жастардың ерте үйленгені абзал, – дейді Болат Керімбек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!