Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Bolashaq jas sarbaz

02.02.2023

887 0

Патриотизм адам бойында өздігінен қалыптаса қоятын қасиет емес, ол адамгершілік қағидасының бір қанаты іспеттес ұғым. Отанға деген сүйіспеншілік және сол Отанды қорғау әр азаматтың міндеті мен борышы. «Үйдің іргесі биік болсын десең, қабырғасын асықпай қала» дейді халқымыз. Сондықтан да, болашақ ұрпаққа сәби кезінен бастап ананың ақ сүтімен патриоттық сезімді дарытсақ, Отанымыздың алар асуы алда екендігі ақиқат.


Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің офицерлері мен Шекара академиясының курсанттары өңірдегі Облыстық «Жастар ресурстық орталығыны» КММ-сінің арнайы шақыртуымен Ә.Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейінің оқушыларына ерлік сағатын өткізді.


Офицерлер мен курсанттар өскелең буын өкілдерін еліміздің патриоты болуға шақыру, отансүйгіш, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға тыңғылықты дайындықпен келді. Ерлік сағатында оқушыларға арнайы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әскери қызметтің қыр-сыры туралы мәліметтер берілді. Қатысушы жастарға Шекара академиясы туралы арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, ведомствалық «Отан сақшысы» газеті мен «Шекарашы» басылымдарына Шекара қызметінің әр кезеңінде жарыққа шыққан мерейтойлық кітаптары назарға ұсынылды.


Оқушылар мен әскери қонақтар еркін форматта әңгімелесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді. Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болу тиіс десек, бұндай тағылымда шаралар оң ықпалын тигізері сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: