Бейсенбі, 27 ақпан, 16:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

Болат Нұрхожаев: Әділдік пен ашықтық қағидаттарына сүйене отырып жұмыс істеу – біздің міндетіміз

27.02.2025

61 0

Қызылорда облысының қоғамдық кеңесі – азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты дамытуға бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Қоғамдық кеңес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, жергілікті билікке ұсыныстар береді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қоғамдық кеңес жұмысының қорытындысы туралы қоғамдық кеңестің мүшесі Болат Нұрхожаев айтты.

– Қоғамдық кеңес – бұл билік пен халық арасындағы маңызды байланыс құралы. Оның негізгі мақсаты – қоғамның мүддесін қорғап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал жасау. Облысымызда түрлі бағыттар бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылуда, бірақ кейбір мәселелер әлі де шешімін күтуде. Халықтың пікірін ескере отырып, әділдік пен ашықтық қағидаттарына сүйене отырып жұмыс істеу – біздің басты міндетіміз. Қоғамдық кеңес мүшесінің басты міндеті – тұрғындардың өтініштерін қарау және олардың мәселелерін шешуге атсалысу. Кеңес мүшелері азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, өңірдегі маңызды мәселелерге бей-жай қарамайды. Мысалы, Кіші Арал мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Сондай-ақ, Арал ауданында кездесулер өткізіліп, бұл мәселенің шешімін табуға бағытталған қадамдар жасалды. Қоғамдық кеңестің жұмысы өз нәтижелерін көрсету үшін тиімді құралдарға ие. Оларға мониторинг жүргізу, сарапшылардың пікірін алу және қоғамдық тыңдаулар өткізу кіреді. Мұндай тәсілдер арқылы біз тұрғындардың мүддесін қорғап, олардың пікірлерін ескере отырып, қоғам игілігі үшін шешімдер қабылдаймыз, – деді Болат Жолтайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: