Сейсенбі, 26 қараша, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Боздақтарға тағзым етті

09.05.2023

789 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Тағзым алаңында өткен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шараға қатысып, аймақ тұрғындарын құттықтады.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық», – деген болатын.

Расында, 9 мамыр – қан майданда, тылда патриоттық парыздарына адал болған, кеудесін от пен оққа төсеп, ұрпақ болашағы жолында жанын аямаған, рухы асқақ, қайсар да батыл ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігіне бас иетін күн», – деді аймақ басшысы.

Сұрапыл соғыс жылдарында ерекше ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, гүл қою рәсімі өтті. Айта кетейік, 7 мамыр күні облыс әкімі соғыс ардагері Сәрсенбек Байжановтың 100 жас мерейтойы және Жеңіс күнімен құттықтап, автокөлік кiлтiн табыстады.

Еске салсақ, соғыста Сыр елінің 21 азаматы ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды, 20 мыңнан астам қызылордалық жауынгерлер орден- медальдармен наградталды.

Облысымызда Жеңіс күні мерекесін Ұлы Отан соғысының 6 ардагері мен 2408 тыл еңбеккері қарсы алуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: